Жұмыс уақыты:Дүйсенбі - Сенбі: 08:30 - 19:30

Орналасқан жеріміз: Түркістан қаласы

Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжіне қош келдіңіз!

Колледж туралы

Колледждегі білім беру қызметі 2016 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің қайта тіркеуден өткен №KZ31LAA00007112 мерзімі шектеусіз лицензиясы негізінде білім беру қызметін атқаруда.

Тарихымыз

Түркістан қаласында 1934 жылы екі жылдық педагогикалық курс ашылды, ол кейінірек өлкелік қыздар педтехникумы деп аталды. Оқу корпусы 8 бөлмеден тұрған. Оқу мерзімі жағынан қысқа мерзімді болды.

  • 1939 жылы 28 маусымда оқу орны Түркістан педагогикалық училищесі болып аталып, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы даярланды.
  • 1964 жылы Түркістан педагогикалық училищесіне қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин аты берілді. «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы ашылды.
  • 1995 жылы 27 желтоқсанда Түркістан педагогикалық училищесі Түркістан педагогикалық колледжі болып өзгертілді.
  • 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18 мамыр 1997 жылғы №140 шешімі бойынша Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі мен Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық колледжін біріктіру жолымен Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі болып қайта құрылды.
Колледж туралы

Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасау барысында білім берудің дамуының әлемдік үрдістері, Халықаралық стандарттардың ерекшеліктері, сонымен бірге қалыптасқан дәстүр мен аймақтық құрылымдар ескерілді. Атап айтқанда, жоспарланған іс-шаралардың барлығы тұтасымен колледждің әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне, ТжКБ ұйымдарының білім берудің Туриндік процесіне қосылуына бағытталған.

Тарихымыз

Бүгінде теориялық білімді жүйелі тәжірибемен бекіту өзектілігі айқындалып отыр. Жастарға тиімді білім беру мәселелерін оңтайлы шешу әдістері ретінде модульдік және дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.

  • 1999 жылы колледжде 4107 «Халық тұтынатын бұйымдарды үлгілеу мен жобалау» мамандығы ашылды.
  • 2001 жылы колледж мемлекеттік аттестатциядан жоғары көрсеткіштермен өтті.
  • 2002 жылдан бастап колледж әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталықтың базасы болды.
  • T2003 жылы колледжде 0306002 «Қазақ тілі және әдебиеті», 0313002 «Кәсіптік оқыту» мамандығы ашылды.

Басшылық

The professional standards and expectations

Айдос Абпазов

Колледж Директоры

Турежанов Серікбай

Директордың ақпарттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Жайықбаев Мейрбек

Директордың өқу ондірістік жумысы жөніндегі орынбасары

Пазылов Темірбек

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қасымбеков Сұлтанбек

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары