Жұмыс уақыты:Дүйсенбі - Сенбі: 08:30 - 19:30

Орналасқан жеріміз: Түркістан қаласы

Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжіне қош келдіңіз!

Абпазов Айдос Кенжеханович

Абпазов Айдос Кенжеханұлы ғылым мен мәдениетті,әлеуметтік саланы,білім беруді дамытып, ұжыммен жағымды қарым-қатынас орнатып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіріп отырған басшы.Абпазов Айдос Кенжеханұлы киелі Түркістан өңірінің тумасы.Өз ісіне адалдығы мен кәсіби шеберлігінің,әділдігі мен адамгершілік құндылықтарды биік қоюының арқасында өрлеу жолында жетістікке жеткен білікті маман.Жас басшы келбетінде қасиетті шаһардағы қара шаңырақ білім ордасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Алғашқы педагогикалық еңбек жолын Түркістан қаласындағы №9 Н.Некрасов атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2000-2010 жылдар аралығында ХҚТУ-де «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы, ғылым мен аспирантура бөлімінің басшысы, университеттің тәрбие бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2008 жылы Айдос Кенжеханұлы тарих ғылымдарының кандидаты атағын алды.
2010 жылы Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2013 жылдың шілде айынан бастап, колледж директоры қызметіне тағайындалды.

Жетістіктері

2008 ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ректорының алғысымен;

  • 2009 жылы Түркістан қаласы әкімінің дипломымен;
  • 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығы директорының Құрмет грамотасымен;
  • 2015 жылы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
  • 2015 жылы Облыс әкімінің Алғыс хатымен;
  • 2015 жылы ҚР білім және ғылым вице -министрінің Алғыстарымен;
  • 2018 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен;
  • 2019 жылы Нұр Отан партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен;
  • 2019 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентттігінің Грамотасымен;
  • 2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентттігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
  • 2021 жылы Түркістан қаласы мен білім саласының өркендеуіне қосқан еңбегі ескеріліп, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді.