Жұмыс уақыты:Дүйсенбі - Сенбі: 08:30 - 18:00

Орналасқан жеріміз: Түркістан қаласы

Жаңалықтар

Колледжіміздің соңғы жаңалықтары

17 Ноябрь 2021

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және 17 қараша студенттер күні мерекесіне орай, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен өткен "Көшбасшылар алаңы" интеллектуалды ойынына Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі студенттері қатысып, озық ой, талапты білімімен жүлделі І-орынды иеленді. Құтты болсын!

08:30 AM - 18:00 AM Колледж ғимараты, Блок A

2 Ноябрь 2021

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікте болу – бұл құзыретті маман дайындау үдерісінде маңызды фактор екендігі белгілі. Студенттің теориялық білімін тәжірибе негізінде бағалау кәсіби маман дайындаудың ерекше жолы. Болашақ мамандық иелерін білім, білік, дағды қалыптастыру арқылы кәсіпке машықтау осы әлеуметтік серіктестермен бірлікте жасалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

08:30 AM - 18:00 AM Колледж ғимараты, Блок A

8 Ноябрь 2021

Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің педагог-психологы Исраилова Мавлюда Мамматханқызы жатаханада жататын студенттермен "Жағымды қарым қатынас орнату мәдениеті" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: студенттердің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау арқылы бірін- бірі сыйлауға, ізгілікке, ұжымшылдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

08:30 AM - 18:00 AM Колледж ғимараты, Блок A

1 Ноябрь 2021

Бүгін, яғни қараша айының бірінші жұлдызында Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі арулары арасында "Күз аруы-2021" байқауы өтті. Аталмыш байқауға 21 ару қатысып, өз өнерін ортаға салды.

08:30 AM - 18:00 AM Колледж ғимараты, Блок A

Оқуға түсу үшін

Сайтқа кіруден бастаңыз

1
Хабарласу
2
Құжаттарды дайындау
3
Тіркелу
s

Жетістіктер

Ел үміті жобасының жеңімпазы Қуандық Нұрайым

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ел үміті” бастамасы 2019 жылдың қарашы айында қолға алынды, бұл жобаға колледжіміздің бітіруші түлегі Бш 17-9-2тобының студенті Қуандық Нұрайым қатысып "Елбасы медалі" жеңімпазы атанып, төсбелгісімен марапатталды.

«Үздік колледж оқытушысы – 2021»

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында үздік педагогтерді анықтау, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және дамыту бағытында өткізілген «Үздік колледж оқытушысы – 2021» байқауында арнайы пән оқытушысы Турметова Аида Әлиасқарқызы жүлделі ІІ орын алды. Ұстаздарымыздың мәртебесі үстем болуына, еңбектерінің еселенуіне тілектеспіз.

Жас маман 2020-2021

«Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» Жас маман 2020-2021 жобасында жеңіске жетті

"Қазақстан Республикасы Колледждерінің ТОП-100 студенті"

"Қазақстан Республикасы Колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасына Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің белсенді студенті Қуандық Нұрайым Ержігітқызы "Бастауыш білім беру" мамандандығының 4-курс студенті қатысқан болатын. Бұл жобада студентіміз Үздік 100-студент қатарына еніп, Түркістан қаласы әкімі Рашид Абатұлы Аюповтың алғыс хатымен мараппаталды Студентіміз Қуандық Нұрайымды шын жүректен құттықтаймыз, биік белестерден көрініп, жетер жетістіктері көп болсын!!!

1
2
3

87

ЖЫЛ

100

ҰСТАЗ

1200

СТУДЕНТ

300+

ПӘН